Accessibility links

Каирде "жеңіс маршы" өтіп жатыр


Каирдің орталығында оппозицияны жақтайтын мыңдаған адам Египет президенті Хосни Мүәбәрәктің биліктен кеткеніне бір апта өтуіне орай "жеңіс маршын" өткізді.

Ұйымдастырушылар миллионға тарта адам жиналады деп мәлімдеген болатын.

Биліктің ауысқанына бір апта болғанымен Египеттегі жағдай әлі де тынышталған жоқ. Ереуілдер өтіп жатыр, мектептер мен банктер ашылған жоқ, Каир көшелерінде әскери көліктер жүр.

Ел билігін қолға алған Жоғарғы әскери кеңес жарты жылдың ішінде еркін сайлау өткізуге уәде берді.
XS
SM
MD
LG