Accessibility links

Германия сыртқы істер министрі Ираннан журналистерді алып қайтады


Иранда өткен жылдың қазан айында тұтқындалған немістің екі журналисі босатылды.Олар еліне Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен бірге қайтып оралады.

Вестервелле сенбі күні Иран президенті Махмұд Ахмединежадпен және басқа да басшыларымен кездескен болатын.
Германия канцлері Ангела Меркель де Тегеранның журналистерді бостау туралы шешімін құптап қарсы алды.

Германиялық Bild am Sonntag басылымының журналистері күйеуінің көзіне шөп салды деген айыппен өлім жазасына кесілген Сакинэ Аштианидің ұлы мен адвокатынан интервью алып жатқанда тұтқындалған болатын.

Иран билігі неміс журналистрін аккредитациясыз жұмыс істеген деп айыптап, сот оларды 20 айға түрме жазасына кескен болатын, кейіннен олардың жазасы 50 мың доллар айыппұлмен алмастырылды.
XS
SM
MD
LG