Accessibility links

Бахрейнде саяси тұтқындар азат етіледі


Бахрейн патшасы Хамад бин Иса әл-Халифа саяси тұтқындарды азат ету туралы бұйрық шығарды. Бұл елде үкіметке қарсы наразылық шаралары жалғасып жатыр. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, патша рақымшылық жасаған тұтқындардың есімдері бүгін жарияланады.

АҚШ-тың бесінші флоты орналасқан Бахрейнде негізінен шиттер тұрады, бірақ мемлекетті сунниттер басқарады.

Шеру кезінде қаза болған шиит наразылық танытушысын жерлеу рәсіміне бүгін мыңдаған адам қатысты. Манама көшелеріндегі аза тұтушылар үкіметке қарсы ұрандар айтты. Ал қала орталығындағы Маржан алаңында жиналған наразылық танытушылар режимнің құлауын талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG