Accessibility links

Италия: Каддафи Киренаикадағы бақылауынан айырылды


Триполидегі Италия елшілігінің мәліметінше, 42 жыл билікте отырған Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи елдің шығысындағы Киренаика өлкесіндегі бақылауынан айырылған. Бұл туралы Италия сыртқы істер министрі Франко Фраттини хабарлады.

Сонымен қатар Фраттини Ливиядағы наразылық танытушыларды басып-жаншу кезінде шамамен мыңға жуық адамның опат болғанына сенетінін айтты. Оның мәлімдеуінше, Ливиядағы толқуларға байланысты бұл елден 300 мыңға жуық мигрант Италияға қашуы мүмкін.

Бүгін Римде Италия, Кипр, Франция, Грекия, Мальта және Испанияның ішкі істер министрлері кездесіп, Ливиядағы тоқуларға қатысты ортақ саясат ұстану мәселесін талқылайды.

Ливия халқының саны 2,5 миллион шамасында.
XS
SM
MD
LG