Accessibility links

Шет мемлекеттер Ливиядан өз азаматтарын алып шығып жатыр


Жаппай наразылық толқыны мен тәртіпсіздіктер жайлаған Ливиядан шет мемлекеттер өз азаматтарын жедел шығарып алу шараларын жалғастырып жатыр.

Түркия өз тарихындағы ең үлкен эвакуацияға кірісті, өйткені Ливияда 25 мыңға жуық түрік азаматы бар.

Ресей сәрсенбі күні Триполиден төрт ұшақпен 339 адамды алып шықққанын хабарлады. Сирт және Рас-Лануф қалаларындағы ресейлік азаматтарға Черногориядан арнайы паром жіберілмек.

Европа Одағы шамамен 10 мыңдай адамды Ливиядан алып шықпақшы.

АҚШ, Қытай, Үндістан және өзге мемлекеттер де Ливиядағы өз азаматтарын эвакуациялау шараларына кірісті.
XS
SM
MD
LG