Accessibility links

Израиль Газа секторына әуеден соққы берді


Өткен түнде Израильдің Газа секторына әуеден берген соққысы үш адамды жаралады деп хабарлады Палестина жағы.

Сонымен бірге, Газа секторы шекарасында израильдік танктердің атқылауы салдарынан палестиналық 11 адам жараланғаны туралы айтылып отыр.

Израиль әскери басшылығының мәлімдемесінде, сәрсенбінің кешінде Израиль аумағын зымыранмен атқылауға жауап ретінде әуеден соққы берілгені айтылған. Зымырандардың бірі Беэр-Шева қаласына, екіншісі Нетивот қаласына жақын жерге түскен. Зымырандардан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
XS
SM
MD
LG