Accessibility links

Жаңа Зеландия: зілзала құрбандарының саны 98 адамға жетті


Жаңа Зеландия премьер-министрі Джон Кей сейсенбіде болған зілзаладан қаза тапқандар саны 98 адамға жеткені туралы мәлімдеді. Ол құрбан болғандар саны бұдан да көбейе түсуі мүмкін екендігін айтты.

Зілзаладан соң 226 адамнан әлі хабар-ошар жоқ.

Мамандардың есептеуі бойынша, зілзаланың зардабын жою үшін 12 миллиард доллар қажет болуы мүмкін.

Бұндай үлкен қайғы-қасірет әкелген жер сілкінісі соңғы 80 жылдан бері алғаш рет қайталанып отыр.

Жаңа Зеландияда 1931 жылы болған зілзаладан 256 адам мерт болған еді.
XS
SM
MD
LG