Accessibility links

Білім министрі: Қазақстан биыл 35 мың білім грантын бөледі


Қазақстан биыл талапкерлер үшін 35 мың білім беру грантын бөлетіні туралы бүгін елдің білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлімдеді.

«Биылғы бюджетте 35 мың білім гранты бекітілді», - деді ол BNews.kz сайтындағы онлайн-конференция кезінде.

Министрдің айтуынша, білім саласы бойынша мемлекеттік тапсырыс беру аясында елде қандай мамандықтарға сұраныс барын анықталған.

«Біз іс жүзінде бюджеттегі - денсаулық сақтау, білім беру саласында әр мамандыққа қанша сұраныс барын нақты біліп отырмыз. Біздің өз әдістемеміз бар: ауыл шаруашығына, тау-кен металлургиясы, мұнай саласына мамандарға деген сұранысты шамалап білеміз», - деді ол.
XS
SM
MD
LG