Accessibility links

Обама: Ливиядағы қантөгісті қабылдауға келмейді


АҚШ президенті Барак Обама Ливия күштерінің қарапайым азаматтарға зорлық-зомбылық жасауын айыптап, елдегі қантөгісті "жан түршігерлік" деп атады.

Сәрсенбі күні Вашингтонда сөйлеген сөзінде Обама Муаммар Каддафидің режиміне қарсы шерулер барысында қауіпсіздік күштері тарапынан адам құқықтарының бұзылуына байланысты Ливия билігі жауапқа тартылуы тиіс деп атап көрсетті.

"Азап пен қантөгіс жан түршігерлік және оны қабылдауға келмейді. Бейбіт наразылық танытушыларды қорқыту мен оларға оқ атуға бұйрық беруді сонымен қатар Ливия халқының одан сайын жазалануын қабылдауға келмейді. Мұндай әрекеттер халықаралық нормалар мен ортақ әдептің стандартына қайшы келеді. Зорлық-зомбылықты тоқтату керек", - деді Обама.

Оның айтуынша, алдағы аптада мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтон Женевадағы халықаралық келіссөздерге қатысып, Ливиядағы жағдайды талқылайды.
XS
SM
MD
LG