Accessibility links

«Дискавери» кемесі соңғы ғарыш сапарына ұшты


Америкалық «Дискавери» (Discovery) ғарыш кемесі бейсенбі күні соңғы рет ғарышқа самғады.

Алты астронавты алып ұшқан кеме халықаралық ғарыш стансасына бірнеше тонна жүк пен адам тәрізді роботты жеткізген соң орбитада 11 күн болып, наурыздың 7-cі күні жерге қайтып оралады.

«Дискавери» бұдан былай ғарыш сапарына пайдаланылмайды.

Бұл жолы отыз тоғызыншы рет ғарышқа көтерілген «Дискавери» кемесі ең алғаш рет 1984 жылы ұшырылған.
XS
SM
MD
LG