Accessibility links

Ирақта үкіметке қарсы шерулер басталды


Бағдад пен Ирақтың басқа да қалаларында мыңдаған адам көшеге шығып, үкіметке қарсы шерулер өткізіп жатыр. Ұйымдастырушылар жұма күнгі наразылық шарасын "Ашу күні" деп атады.

Шерушілер экономикалық реформалар мен әлеуметтік қызметтердің жақсаруын талап етіп жатыр. Сонымен қатар олар елдегі жұмыссыздық пен жемқорлыққа наразылық танытып отыр.

Жүздеген адам қолдарына Ирақ туларын алып, Бағдадтың Тахрир алаңына жиналып жатыр. Хабарларға қарағанда, Хауижа, Киркур және Мосул қалаларында наразылық танытушылар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда бірнеше адам опат болып, кейбіреулері жараланған.

Ақпанның 25-і күнгі шерулер негізінен Facebook әлеуметтік байланыс желісі арқылы ұйымдастырылып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG