Accessibility links

Пхеньян аймақта болатын әскери жаттығуларға қарсы ескерту жасады


Солтүстік Корея егер дүйсенбіге күнге жоспарланған АҚШ пен Оңтүстік Кореяның әскери жаттығулары кезінде қандайда бір арандатушылық болса, екі елге де соққы беретінін ескертті.

Пхеньян егер Сеул тарапынан арандатушылық болса, оған қарсы әскери шабуыл жасайтынын әрдайым ескертіп келеді. Бірақ осы жолғы ескерту екі кореялық ел арасындағы соңғы келіссөздер сәтсіз аяқталған соң айтылып отыр.

Корей түбегіндегі екі елдің текетіресі өткен жылы оңтүстік кореялық кеме суға батқан соң ушыға бастады. Пхеньян бұл апатты жағдайға өзінің қатысы жоқ екенін айтып келеді.
XS
SM
MD
LG