Accessibility links

Иранның экс-президенті 2 оппозиция жетекшісін босатуға шақырды


Жексенбі күнгі хабарларға қарағанда, Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами ел үкіметін оппозиция жетекшілерін босатуға шақырды.

Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Кароуби ақпанның 14-де оппозициялық шеру өткізуге шақырғаны үшін үй қамаққа алынған.

Реформашыл жетекші Хатами Иранды 1997 жылдан 2005 жылға дейін басқарған.

Ол өзінің вебсайтында жариялаған мәлімдемесінде, 20 наурыздан басталатын жаңа жылда Иранда үйқамақтар болмай, шектеулер алынып, қамаудағылар босатыла бастайды, елде дұрыс ахуал қалыптасып, халық қауіпсіз жағдайда болар деген үмітін жеткізген.

Бұл тұста үкіметке жақын топтар биліктен Мусави мен Кароубиді жауапқа алып, жазалауды сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG