Accessibility links

Үздік фильмдер мен актерлерге «Оскар» сыйлығы тапсырылып жатыр


АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында жеңімпаз деп танылған кинофильмдер мен актерлерге «Оскар» жүлдесі тапсырылып жатыр. Америкалық киноакадемияның дәстүрлі сыйлық тапсыру рәсімі осымен 83 рет өткізіліп отыр.

Льюис Кэрролдың «Алиса ғажайыптар елінде» ертегісінің жаңа түсірілімі көркемдігі бойынша үздік туынды деп танылды.

Ең үздік анимациялық шығарма үшін сыйлық «Ойыншықтар тарихы - 3» фильміне берілді.

«Жауынгер» фильмінде ойнаған Мелисса Лео және Кристиан Бейл қосалқы рөлдерді үздік сомдаған актерлерге берілетін сыйлықты иемденді.

«Бастау» кинофильмі ең шебер операторлық жұмысы үшін марапатталды.

Даниялық режиссер Сюзанн Бирдің «Кек» фильмі ең үздік шетелдік фильм атанды.

Дэвид Финчердің «Әлеуметтік желі» және Том Хупердің «Король сөйлейді» фильмдері үздік сценарийі үшін сыйлыққа ие болды.

Чарльз Фергюсонның қаржы дағдарысының салдары туралы түсірген «Инсайдерлік жұмыс» лентасы ең таңдаулы деректі фильм болып танылды.
XS
SM
MD
LG