Accessibility links

Каддафи әскері Эз-Зауия қаласына шабуылдауға әзірленіп жатыр


Ливияның солтүстігіндегі Эз-Зауия қаласы маңында Муаммар Каддафидің режимін қолдайтын әскерилер мен оппозиция күштері арасында шайқастар жүріп жатыр.

Ақпараттарға қарағанда, Каддафиді қолдаушылар қаланы қоршауға алып, шабуылға дайындалып жатыр. Ливияның шығыс аудандарына бақылау орнатқан көтерілісшілер өкілінің айтуынша, оппозиция күштері елдің батысында режимге қарсы бас көтергендерге жәрдем беруге әзір екендерін мәлімдеген.

Эз-Зауия қаласынан 50 шақырымдай қашықтықтағы ел астанасы Триполидің бірқатар аудандарында баррикадалар пайда болған.

Муаммар Каддафи өзін биліктен кетуге шақырған әлем қауымдастығының үндеуін елемеді. Ол Ливияда жаппай тәртіпсіздіктерді «Әл-Қаида» мен шетел мемлекеттері ұйымдастырды деп мәлімдеген.

Бүгін Женевада АҚШ, Еуропа одағы және Таяу Шығыс елдерінің сыртқы істер мекемелерінің басшылары жиналып, Ливиядағы жағдайды талқылайды.
XS
SM
MD
LG