Accessibility links

Еуропа Одағы Қырғызстанға қаржылай көмектеспек


Еуропа Одағы Қырғызстанға қаржылай жәрдем беруге әзір. Бұл туралы Брюссельде Қырғызстан президенті Роза Отунбаевамен кездескен Еуропа комиссиясының президенті Жозе Мануэль Баррозу мәлімдеді.

Отунбаева Қырғызстанның ЕуроОдақпен және НАТО-мен қарым қатынастарын талқылау үшін екікүндік сапармен Бельгияда жүр.

Еуропа Одағы Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде 118 миллион евро бөлуге уәде етті.
XS
SM
MD
LG