Accessibility links

Ливияның БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесіне мүшелігі тоқтатылды


БҰҰ Бас ассамблеясы Ливияның осы халықаралық ұйымның адам құқығы жөніндегі кеңесіне мүшелігін тоқтату туралы қарар қабылдады.

Бұндай шешімге Ливияны билеп отырған Муаммар Каддафи режимінің наразылық шерулеріне шыққан өз азаматтарын асқан қатыгездікпен басып-жаншуы негіз болды. Бас ассамблея Ливиядағы адам құқығының жағдайына алаңдаушылық білдіріп отыр.

Бұған дейін БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі мекемесі Ливия мен Тунис шекарасында аса күрделі жағдай қалыптасып отырғанын хабарлаған болатын. Соңғы он күнде Ливияны 70 мыңнан астам адам тастап шыққаны айтылған.

Каддафиге бағынышты әскер режимге қарсы бас көтерген қалаларды қайтарып алмақ ниетте. Елдің көп бөлігінде халық Каддафи билігіне қарсы шыққан.
XS
SM
MD
LG