Accessibility links

Роберт Кеннедиді өлтіргені үшін сотталған Сирханның өтініші қанағаттандырылмады


АҚШ билігі сенат мүшесі Роберт Кеннедиді өлтіргені үшін өмірлік түрме жазасына кесіліп, қамауда отырған палестиналық Сирхан Сирханның өтінішін бұл жолы да қанағаттандырмай тастады. Тұтқын өзін мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұраған болатын.

Оның өтінішін қараған комиссия мүшелері Сирхан түрмеден босату туралы кезекті өтінішін енді бес жылдан соң тағы бере алатынын айтты.

1969 жылы АҚШ соты Сирхан Сирханға әуелі өлім жазасын беріп, бірақ кейін үкімді өмір бойы түрмеде ұстау жазасына өзгерткен.

Сирхан Сирхан 1968 жылы маусымның 6-сы күні Лос-Анджелестегі «Амбассадор» қонақ үйінде Роберт Кеннедиді қалай атқаны есінде жоқ екенін айтады.
XS
SM
MD
LG