Accessibility links

Йемен оппозициясы президентке биліктен кету жоспарын ұсынды


Йемендегі оппозициялық топтар президент Әли Абдулла Салехке осы жылдың аяғына дейін біртіндеп биліктен кету жоспарын ұсынды.

Оппозиция баспасөз хатшысының айтуынша, аталмыш жоспар діни ғалымдармен кездесу барысында келісілген. Салех бүгін кешке оппозицияның ұсынысына байланысты өз ұстанымын жариялайды.

Ақпанның 16-csнан бері Йеменде бірқатар наразылық шаралары ұйымдастырылып келеді. Шерушілер 32 жыл билікте отырған Салехтің кетуін талап етіп жатыр.

Йемендегі толқулар барысында 19 адам қаза болды. Салех биліктен кетуден бас тартып отыр. Бірақ ол 2013 жылғы президент сайлауына түспейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG