Accessibility links

Тунисте Конституциялық кеңес сайлауы шілденің 24-і күні өтеді


Тунис президентінің міндетін атқарушы Фуад Мебазаа елдің Конституциялық кеңесінің сайлауы шілденің 24-і күні өткізілетінін мәлімдеді. Оған дейін уақытша билік өз міндетін атқара бермек. Кеңес жаңадан сайланған соң елдің жаңа Конституциясының жобасын әзірлейді.

Тунистегі халық наразылығынан кейін елдің бұрынғы президенті Зин Әбидин Бел Әли қаңтардың 14-і күні шетелге қашып кеткен соң парламент төрағасы Фуад Мебазаа уақытша президент міндетін атқарушы болып жарияланған. Сол кезде Конституциялық кеңес алпыс күннің ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс деген қаулы қабылдаған.

Тунистегі уақытша үкіметті басқарған Мохамед Ганнуши оппозицияның талабы бойынша өткен жексенбі күні қызметінен кетті. Оның орнына премьер-министр болып 84 жастағы Беджи Каид-Эссебси (экс-президент Хабиб Бургибаның билігі кезінде бірқатар министрліктерді басқарған) тағайындалды.
XS
SM
MD
LG