Accessibility links

Интернетте Назарбаевты биліктен кетуге шақырған үндеуге қол жинау жүріп жатыр


Интернеттегі elbasy.net сайтында Қазақстанның қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаевты отставкаға кетуге шақырған үндеуге қол жинау жүріп жатыр.

Үндеуде 1989 жылдан билік басында отырған Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнет демалысына шығып, жас саясаткерлерге орын босатуы керектігі айтылған.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жылға созылған билігі кезінде Қазақстан заңдары мен Конституциясы бос сөзге айналды, ел авторитаризмға құлдырап, президенттің шексіз билігіне қызмет етуші бөлімдерге айналған үкімет, парламент пен сот жүйесі кері кетіп, өз мәнін жоғалтты» деген үндеу ауторлары «Назарбаев билік құрған жылдары тұрақтылықтың тоқырауға айналғанын» атап өткен.

«Бұл ары қарай жалғаса бермеуі керек. Назарбаев 70 жастан асты. Бүгін біз президент қызметінде қартайған, шаршаған адамды көріп отырмыз», – делінген үндеуде.

Қазіргі кезге дейін үндеуге 33 адам қол қойған.
XS
SM
MD
LG