Accessibility links

Ирақта үкіметке қарсы шерулер басталды


Ирақ қауіпсіздік күштері жоспарланған шерулер алдында Бағдад пен тағы басқа ірі қалаларда көліктерге тыйым салды.

Ұйымдастырушылар наурыздың 4-індегі наразылық шарасын "Өкініш күні" деп атады. Парламенттік сайлаулардың бір жылдығын атап өту мақсатында шерушілер елдегі жемқорлық пен жұмыссыздыққа, нашар қоғамдық қызметтерге наразылық танытып жатыр.

Соңғы айда Ирақта бірнеше наразылық шарасы өтті. Ақпанның 25-індегі шерулер барысындағы қақтығыстарда 16 адам қаза тауып, 150-ге жуық адам жараланды. Шерулерден кейін Бағдад пен үш уәлаяттың әкімдері қызметінен кетуге мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG