Accessibility links

Таулы Қарабақта мерген оғынан бір адам мерт болды


Өзін өзі жариялаған таулы Қарабақтың бір әскери қызметшісі мерген оғынан қаза тапты.

Жергілікті билік қару оғы "Әзірбайжан күші орналасқан алдыңғы шептен атылды" деп айтып отырғанын хабарлайды "Интерфакс" агенттігі. Ресми Баку әзірге бұл ақпаратқа байланысты түсініктеме берген жоқ.

Бүгін Сочи қаласында Армения, Әзірбайжан және Ресей президенттері кездесіп, таулы Қарабақтағы жағдайды ретке келтіру мәселесін талқылайды деп жоспарланған.

Бұған дейін үш елдің басшылары 2010 жылы қарашада Астраханьда кездескен болатын.
XS
SM
MD
LG