Британияның Қорғаныс министрлігі ақпарат құралдарында айтылып жатқан өзінің арнайы күштер жасағын Ливиядағы көтерілісшілер ұстап алды деген мәліметті не жоққа шығармады, не растамады.
Британиялық Sunday Times басылымының жазуынша, британиялық сегіз сарбаз Британ дипломатын бүлікшіл күштермен байланысы бар делінген жікшіл топтар аймағынан өткізіп бара жатқан.
Хабарларға қарағанда, ол британ әскерлері қазір оппозицияның бақылауындағы Бенгазиде отыр. Олармен бірге британ дипломаты ұсталды ма, жоқ па белгісіз.