Accessibility links

Пан Ги Мун: Ливия бейбіт халыққа қарсы шабуылын тоқтатуы тиіс


БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун Ливиядағы бейбіт тұрғындарға қарсы бейберекет шабуылдарды тоқтатуды талап етті. Ол халықаралық заңды бұзғандар жауапқа тартылатынын ескертті.

Бұл туралы Пан Ги Мун Ливия сыртқы істер министрі Муса Кусамен телефон арқылы сөйлескенде айтты. Тараптар халықаралық көмек жеткізу үшін БҰҰ-ның қызметкерлерін тез арада Триполиге жөнелтуге келісті.

БҰҰ басшысының бұл мәлімдемесі Муаммар Каддафидің күштері көтерілісшілер бақылауына өткен қалаларды қайтарып алу үшін тікұшақ, танкілерді қолданып, оқ жаудырған соң жасалды.
XS
SM
MD
LG