Accessibility links

Чехияға жарысқа келген Қазақстан құрамасын тонап кетті


Чехияның Острава қаласында "Дэвис кубогына" қатысып жатқан Қазақстанның теннисшілер құрамасы сенбі күні екі жеңіліспен қатар тоналып қалған. Бұл туралы "Дойтче пресс ақпарат агенттігі" дүйсенбі күні хабарлап отыр.

Қазақстандық спортшылардың қонақ үйдегі бөлмелеріне белгісіз біреу кіріп, жалпы құны 17 мың еуро болатын ноутбук, ақша және басқа да заттарын ұрлап кеткен.

Хабарларға қарағанда, тоналған тек қазақстандық теннисшілер ғана емес, сол сияқты чехиялық теннисшілер де ұрының құрбаны болған. Қонақ үй басшылығы бұл ұрлықты бір шетелдік қонақ жасаған деп отыр.

Қазақстан теннисшілері жексенбі күні кешкісін чех қарсыластарын 3-2 ұпайымен жеңіп, ширек финалға шықты.

Қазақстанның келесі қарсыласы Аргентинаның теннис құрамасы болады.
XS
SM
MD
LG