Accessibility links

Қырғыз әйелі есірткі тасымалымен ұсталды


Қырғызстанның оңтүстігіндегі полиция бір әйелді Ресейге героин тасымақшы болды деген күдікпен тұтқынға алды. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Қырғызстан кеден қызметінің өкілі Әбділда Малдыбаев айтқандай, 31 жастағы Эльвира Дуйшонали-кызы жексенбі күні Ош-Мәскеу бағытындағы пойызға отырған. Полиция оның сөмкесінен 5,47 келі героин тапқан. Малдыбаеваға қарсы қылмыстық іс қозғалған.

Мәскеуде бұл көлемдегі героиннің көшедегі бағасы кемінде 100 мың доллар дейді полиция өкілі.

Ресей Орталық Азия арқылы Ауғанстаннан келетін заңсыз есірткі тасымалында негізгі дәлізге айналып отырған ел.
XS
SM
MD
LG