Accessibility links

Иранның бұрынғы президенті ықпалды лауазымынан айырылды


Иранның бұрынғы президенті Акбар Хашеми Рафсанжани маңызды ықпалды лауазымынан айырылды. Қатаң саясат ұстанушы консерваторлар Рафсанжаниді реформашыл оппозицияға тым жақын болды деп сынаған еді.

Иранның рухани көсемін таңдайтын мемлекеттік орган - Сарапшылар ассамблеясының басшысы болған Рафсанжанидің орнына Аятолла Мохаммад Реза Махдави Кани сайланды.

Сарапшылар ассамблеясын 4 жыл басқарған Рафсанжани 2009 жылы президент Махмуд Ахмадинежад қайта сайланған соң оппозицияның басып-жаншылуын сынаған болатын.

80 жастағы Кани оппозицияны қолдамайды.
XS
SM
MD
LG