Accessibility links

Ислам конференциясы ұйымы: Ливияда ұшақтарға тыйым салу керек


Ислам конференциясы ұйымы Ливияда ұшақтардың ұшуына тыйым салу аймағын құру жөніндегі халықаралық шақыруларға қосылды.

Ұйым бас хатшысы Екмеледдин Ихсаноглу "біз Қауіпсіздік кеңесін осы мәселеге қатысты міндетін атқаруға шақырамыз" деп атап көрсетті. Бұл туралы ол Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтіп жатқан төтенше жиында мәлімдеді.

Франция мен Ұлыбритания да Ливияда ұшақтарға тыйым салынуын көздейді. Бұл қадамды сонымен қатар Парсы шығанағы ынтымақтастық кеңесі де қолдап отыр.

Ливия жетекшісі Муаммар Кадафидің әскерилері қарсылас күштерді ығыстырып шығару үшін бүгін Рас Лануф портына әуеден соққы бере бастады. Дүйсенбі күні Каддафидің күштері Бин Жауад қаласын өз бақылауына алды.

БҰҰ-ның мәліметінше, Ливияда миллионнан астам адам гуманитарлық көмекке мұқтаж болып отыр.
XS
SM
MD
LG