Accessibility links

Байден Финляндия жетекшілерімен кездесті


АҚШ вице-президенті Джо Байден Еуропаға сапарын бастап, Финляндия жетекшілерімен кездесті.

Финляндия президенті Тарья Халненмен кездесуі барысында Байден халықаралың мәселелерді, оның ішінде Ауғанстандағы жағдай мен солтүстік Африкадағы оқиғаларды талқылады. Сонымен қатар АҚШ вице-президенті Финляндия премьер-министрі Мари Кивиниемимен жүздесті.

Сесенбі күні кешке Байден Ресейге барады. Мәскеудегі келіссөздерде зымыраннан қорғаныс жүйесіне қатысты ынтымақтастық пен Ресейдің Дүниежүзілік сауа ұйымына мүше болу әрекеттері талқыланады.

Ресейден кейін Байден Молдоваға аттанып, бұл елдің демократиялық және экономикалық реформаларына қолдау білдірмек.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG