Accessibility links

АҚШ вице-президенті Ресей президентімен кездесті


Мәскеуге ресми сапармен келген АҚШ вице-президенті Джозеф Байден бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевпен кездесті.

Вашингтон Джозеф Байден бұл сапарында екі ел арасындағы қарым-қатынасқа жаңа серпін беру қажеттігі туралы АҚШ президенті Барак Обаманың 2009 жылғы мәлімдемесінің жүзеге асуына негіз боларлық нәтижеге қол жеткізеді деп үміттенеді.

Джозеф Байден бүгін Сколководағы ғылыми-зерттеу орталығында болып, оның жұмысымен таныспақшы. Ресей бұл орталықты АҚШ-тың Силикон алқабы іспеттес жерге айналдыруды мақсат етеді.

Соныдай-ақ, бейсенбіге дейін жалғасатын сапар кезінде АҚШ вице-президенті ресейлік оппозиция жетекшілері және қоғам белсенділерімен кездесіп, Мәскеу мемлекеттік университетінде сөз сөйлейді.
XS
SM
MD
LG