Accessibility links

Бішкек. Бірінші күн. Бірінші түн


 Атақты Ақ үй. Өткен жылдың сәуірінде болған оқиғалар кезінде зардап шеккен ғимарат. Бұрын бұл жерде үкімет отырса, қазір парламент орналасыпты. Сыртқы қоршауында қаза тапқан адамдардың тізімі жазылған тақта ілінген. Бішкек, 7 наурыз 2011 жыл.
Атақты Ақ үй. Өткен жылдың сәуірінде болған оқиғалар кезінде зардап шеккен ғимарат. Бұрын бұл жерде үкімет отырса, қазір парламент орналасыпты. Сыртқы қоршауында қаза тапқан адамдардың тізімі жазылған тақта ілінген. Бішкек, 7 наурыз 2011 жыл.
Таңғы үште жатып, төртте тұрып, таксилетіп, Бішкек қайдасың деп тартып кеттік. Бір емес, екі емес, үш емес, бақандай он күн жатпақ ниет бар. Бауырлас ұлттың бұл қаласында бұрын болмаппын. Бүгін бірінші күн жайлап жатырмыз тайекемдердің (нағашы дегенді қырғызша осылай айтады-ау деймін қателеспесем) төрін. Мамам “қырғыздың Сарыбағыш руы бізге туыс” деп отырушы еді, соны сылтауратып, жиен болып қырық серкешімді қайтарып алайын деп жүрмін:)

Мемлекеттік мұражай үйі. Ақ үй екеуінің арасы шамамен екі жүз метрдей. Алайда осы ғимараттың іргесінен адамдар кейін гүл шоқтарын көріпті. Соған қарағанда мұражай табылдырығында базбіреулер қаза тапса керек. Кейбір куәгерлерге сенсек, оларды Ақ үй шатырындағы мергендер оғы іліп кеткен. Бішкек, 7 наурыз 2011 жыл.
Қала ұнады. Әріптесім айтпақшы, “Алматыны жасыл қала, жасыл қала дейді, қайдан Бішкекте бізге қарағанда ағаш әлдеқайда көп”. Бір-ақ құйыла салған монолит ғимараттарға үйренген көз, жатаған келген төрт-бес қабатты үйлер мен жол жиегін жағалаған тал-дарақтарға үрке қарайды.

Әйтсе де, әлі де болса шекарадан өту деген сезімді сезіне алмай отырмын. Оған себеп, Билайнның жарнамасы жарияланған билбордтар мен тілі де, түрі де қазақтан бір қарағанда айырғысыз қырғыздар шығар, білмедім.



Сенің не істеп, не қойып жүргенің маған не керек деп Шет елде жүрген бауырыңызға бас салсаңыз, алдыңызға фоторепортажымды тарта қояйын.

Бішкектегі өртеніп кеткен Бас прокуратураның ғимараты. Бішкек, 7 наурыз 2011 жыл.
Бүгін тренингімізде ертерек аяқтап, өткен жылдың сәуірінде болған толқулар өткен жерлерге саяхат жасадық. Бізге қаланы бастан-аяқ аралатып, бытыр-бытыр сұрақтарымызға батыл-батыл жауап айтып жүрген жігіттерге рахмет!

Жазбам көңілсіз болып кетті ме? Нешауа, әлі біраз уақыт бар, қырғыздардың қызықты да қылықты қаласы туралы әлі жақсы жазба жазамын.

qisyq.wordpress.com
XS
SM
MD
LG