Accessibility links

Каддафи көтерілісшілерді сатқындар деді


Бүгін Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи елдегі көтерілісшілерді сатқындар деп қабылдамайтынын айтты. Ол бұл туралы өзіне жақын күштер көтерілісшілер бақылауына өткен қалаларға әуеден соққы беріп, танкімен атқылап жатқанда айтып отыр.

Сәрсенбі күні таңертең мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде Каддафи елдегі мұнай кеніштеріне бақылауды алу үшін АҚШ, Франция және Ұлыбритания Ливияға қарсы астыртын әрекеттерге барды деді.

Ол сондай-ақ егер Батыс елдері Ливияның үстінен ұшуға тыйым салса, ливиялықтар қолға қаруларын алуы мүмкін деді.

Бұл тұста Еуропа Одағы Ливияға гуманитарлық дағдарысты реттеу үшін әскери миссия жөнелтуді қарастырып жатыр.

Соңғы деректерде Ливияның әл-Зауия қаласындағы көтерілісшілерге қарай ондаған танкі басып кіріп, қақтығыстар болғаны жайлы хабарлар түсті.
XS
SM
MD
LG