"Қызыл крест" халықаралық комитетінің айтуынша, Ливия азаматтық соғысқа аяқ басқан. Аталмыш ұйымның президенті Якоб Келленбергер Муаммар Каддафидің әскерилері мен оған қарсы күштердің арасындағы шайқастар күшеюі мүмкін деп ескертті.
Бейсенбі күні Франция Ливияның оппозициялық ұлттық кеңесін Ливия халқының заңды өкілі деп мойындады. Франция - мұндай қадамға барып отырған алғашқы ел.
Франция Муаммар Каддафиге қарсы күштердің бақылауындағы Бенгази қаласына өз елшісін жіберетінін және Парижде ливиялық өкілді қабылдайтынын айтты.
Брюссельде НАТО мен Еуропа Одағы Ливиядағы жағдайды талқылады.