Accessibility links

Францияда ЭТА жетекшілерінің бірі ұсталған


Францияның солтүстік-батысында, Бельгия шекарасына жақын маңда баск жікшілдерінің ЭТА ұйымының мүшелері деген күдікпен төрт адамның ұсталғаны туралы "Франс пресс" агенттігі хабарлады.

Ұсталғандардың арасында ЭТА ұйымының әскери жетекшілерінің бірі Алехадро Арриоле де бар деген ақпарат тарап отыр.

Ресми деректер бойынша, Испания мен Францияның басктер мекендейтін аймақтарының тәуелсіздігі үшін күресетін ЭТА ұйымының террорлық іс-қимылдарынан 1960 жылдардан бері 800-ге жуық адам қаза тапқан.

Былтыр жікшілдер ұйымы қарулы акцияларға мораторий жариялайтыны туралы мәлімдеме таратқан еді.
XS
SM
MD
LG