Accessibility links

Бакуде үкіметке қарсы шеру өткізбек болған белсенділер ұсталды


Еуропа Одағы бүгін Әзербайжан үкіметіне қарсы шеру ұйымдастырмақшы болған жас белсенділердің тұтқындалуына байланысты алаңдаушылық танытты.

Бакудегі ЕуроОдақ делегациясы Әзербайжанда демократияшыл жас белсенділердің қамалып жатқандығы туралы хабарларға алаңдап отырғандығын айтқан.

Әзербайжан белсенділері интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісі арқылы жұма күні президент Илхам Алиевтің үкіметіне қарсы наразылық шарасын өткізуге шақырды. Таяу Шығыстағы режимдерді құлатқан шерулерден жігерленген ұйымдастырушылар жоспарланған наразылық шарасын "Әзербайжандағы ұлы халық күні" деп атады.

Алайда билік орындары ешқандай шеруге жол бермейтінін айтып, белсенділердің жетекшілерін тұтқындады. Оппозицияның айтуынша, оларға ойдан шығарылған айыптар тағылып отыр.

Amnesty International ұйымы Әзербайжанды шұғыл репрессиялық әрекеттерді тоқтатып, белсенділердің бейбіт шеру ұйымдастыруына рұқсат етуге шақырды.
XS
SM
MD
LG