Әзербайжан астанасы Бакуде кішігірім жастар тобы үкіметке қарсы шеру өткізді. Олар қала орталығындағы көшеде «азаттық» деп айқайлаған.
Әзербайжан белсенділері интернеттегі Facebook әлеуметтік байланыс желісі арқылы жұма күні президент Илхам Алиевтің үкіметіне қарсы наразылық шарасын өткізуге шақырды. Таяу Шығыстағы режимдерді құлатқан шерулерден жігерленген ұйымдастырушылар наразылық шарасын "Әзербайжандағы ұлы халық күні" деп атады.
Бұл науқан басталғалы бері Әзербайжан билігі әртүрлі айыптармен бірқатар танымал белсенділерді тұтқындады.