Accessibility links

Каддафи режимі Франциямен байланысын үзді


Муаммар Каддафидің үкіметі Франциямен дипломатиялық байланыстарын үзгенін мәлімдеді.

Париж Ливияны ұзақ жылдар басқарып отырған Каддафиді биліктен кетіру үшін күресіп жатқан оппозициялық кеңесті ресми түрде мойындаған болатын. Сыртқы істер министрінің орынбасары Халед Қаид жұма күні Триполиде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде "Ливия Франциямен қарым-қатынасын үзу туралы шешім шығарды" деп атап көрсетті.

Бейсенбі күні Франция президенті Николя Саркози Бенгазидегі Каддафидің қарсыластарынан құрылған уақытша басқару кеңесін мойындап, Каддафидің режимін заңсыз деп атады. Саркози Каддафидің биліктен кетуін талап етті.
XS
SM
MD
LG