Accessibility links

Полиция Бахрейндегі шерушілерді газбен таратты


Хабарларға қарағанда, Бахрейн күштері ел астанасында шеру өткізбек болған халықты көзден жас ағызатын газбен тарқатқан.

Полиция шийт оппозициясының елді сүнниттер басқарып отырғанына наразылық танытқан шеруін күшпен таратып келеді.

Тунис пен Египеттегі билікті құлатқан толқулардан кейін Бахрейн астанасының "Маржан" алаңында шерулер күнде жалғасып келеді. Бірнеше шеруші қақтығыста қаза тапқан.
Сенбі күні Бахрейнде сапармен жүрген АҚШ қорғаныс хатшысы Роберт Гейтс сүннит монархиясын шерушілермен диалог өткізуге шақырған. Бұл елде АҚШ-тың әскери базасы орналасқан.
XS
SM
MD
LG