Accessibility links

Есік қаласындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты


Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Есік қаласындағы ауруханада дүйсенбіге қараған таңда болған жарылыс екі адамның өмірін әкетті.

Департамент өкілінің айтуынша, орталық аурухананың аймағынан табылған жарылғыш затты 19-бен 22 жастағы күзетші жігіттер бір-біріне лақтырып тұрғанда, ол зат қолдарында жарылып екеуі де қаза тапқан. Олардың жанында болған 18 жастағы бойжеткен жарылыстан жарақат алған.

Бұл іске қатысты тергеу алдындағы тексерулер жүріп жатыр деген департамент өкілі tengrinews ақпарат агенттігіне берген хабарламасында.
XS
SM
MD
LG