Accessibility links

Хиллари Клинтон Ливия көтерілісшілерінің өкілімен кездесті


Франция астанасында дүйсенбінің кешінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Ливия көтерілісшілері құрған Уақытша ұлттық кеңестің өкілі Махмуд Джибрилмен келіссөз өткізді.

Бұл АҚШ үкіметі мен Ливия оппозициясы арасындағы жоғары деңгейдегі алғашқы кездесу. Клинтонның баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, кездесуде "Муамар Каддафи режиміне қарсы күресте Ливия халқына көмек беру жолдары" жайлы сөз болған.

Оның алдында АҚШ мемлекеттік хатшысы Ливиядағы жағдайды Франция президенті Николя Саркозимен талқылаған.

АҚШ-тың НАТО бойынша одақтастары Ливияның әуе кеңістігін ұшудан ада аумақ деп жариялау туралы идеяны қолдап отыр. Әйткенмен Италия мен Германия Триполиге қарсы күш қолдануға қарсы.

Ливияның шығысында көтерілісшілерге қарсы шабуылдап жатқан Каддафиге бағынышты қарулы күштер Аджабия қаласына қауіп төндіріп тұр.
XS
SM
MD
LG