Accessibility links

Бахрейн оппозициясы өзіне қарсы "жариясыз соғыс" басталғанын мәлімдеді


Парсы шығанағы елдерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бахрейнге шетелдік әскери контингент жіберу туралы шешімін ол елдің оппозициясы "жариясыз соғыс" деп бағалады.

Дүйсенбі күні Бахрейнге Сауд Арабиясынан мыңға жуық әскерилер келді. Оның алдында Бахрейн билігі елдегі үкіметтік нысандарды қорғау үшін көрші мемлекеттерден жәрдем сұраған еді. Бахрейнде үкіметке қарсы наразылық шеруіне шыққандар мен полиция арасында бірнеше рет қақтығыс болды.

АҚШ шетелдік әскерилерді Бахрейндегі бейбіт шеруге қарсы күш қолданбауға шақырды. Ақпан айының ортасынан бері Бахрейнде шииттер үкіметтің отставкаға кетуін және сүниттік король әулетінің билігін шектеуді талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG