Accessibility links

Жапон премьер-министрі радиация жайылу қаупі барын ескертті


Жапон премьер-министрі Наото Кан зілзала мен цунамиден бүлінген «Фукусима-1» атом электр станциясының үш реакторынан радиация жайылу қаупі барын мәлімдеп, АЭС-тің айналасындағы отыз шақырым аумақта тұратындарға көшеге шықпау туралы ескертті.

«Фукусима-1» атом электр станциясының төртінші энергоблогындағы өрттің сөндірілгені туралы хабарланды. Өрт салдарынан АЭС-те тағы бір жарылыс болған. Мамандар онда жинақталған сутегі жарылған деп отыр.

Соңғы төрт күннің ішінде АЭС-те төрт рет жарылыс болды. АЭС төңірегінде радиация шекті мөлшерден жүздеген есе асып кеткен. Шамалы радиациялы бұлт енді бірнеше сағаттан соң Токиоға жетуі ықтимал екені айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG