Accessibility links

Йеменде шерушілермен қақтығыста полицияның үш өкілі қаза болды


Йеменді 30 жылдан астам басқарып отырған президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етіп елдің бірнеше қаласында шеруге шыққандар мен полицияның арасында қақтығыстар болды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, әл-Джаф провинциясының солтүстігінде жергілікті билік ғимаратын басып алуға әрекет жасағандармен қақтығыста полицияның үш қызметкері қаза болған.

Әли Абдулла Салех «әл-Қаидаға» қарсы күресіп, ел аумағында ол ұйымның іс-әрекетіне жол бермейтіні туралы сөз берген соң АҚШ осы кезге дейін оған қолдау танытып келген еді.

Әйткенмен Йеменде соңғы болып жатқан оқиғаларда бейбіт шеруге қарсы күш қолдануды айыптаған АҚШ үкіметі тараптарды диалог орнатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG