Accessibility links

Х. Клинтон Египет жетекшілерімен кездеседі


Бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Египетті ұзақ жылдар елді басқарған президент Хосни Мүбәрәк биліктен кеткеннен кейінгі үкіметтің жаңа жетекшілерімен келіссөздер өткізбекші.

Хиллари Клинтон Египеттің жаңа жетекшілерін елде демократиялық реформалар жасауға берген уәделерін орындауға шақырмақшы. Ол сондай-ақ Мүбәрәк режимін биліктен кетірген халықтық толқулардың белсенділерімен де кездеседі.

Таяу Шығыстың көтерілістерден кейінгі елдерін аралап жүрген АҚШ мемлекеттік хатшысының сапары сәрсенбі күні Тунисте жалғасады. Клинтон ханым Таяу Шығысқа Париждегі кездесуден кейін барған.

Муаммар Каддафи күштерінің көтерілісшілер басып алған жерлерді қайтару үшін атысып жатқан Ливиядағы жағдайды Францияда "Үлкен сегіздік тобы" сыртқы істер министрлері талқылаған болатын.
XS
SM
MD
LG