Accessibility links

Қырғыз шерушілері өзбек белсендісін қамауда қалдыруды талап етті


Бүгін Қырғызстан оңтүстігінде 100 шақты адам көшеге шығып, этникалық өзбек, белгілі құқық қорғаушы Азимжан Асқаровты түрмеде қалдыруды талап етті. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлап отыр.

Асқаров қыркүйек айынан бері Қырғызстанның оңтүстігінде өткен жылы болған этникалық қақтығысты ұйымдастырды және полиция қызметкерін өлтірді деген айыппен өмірлік түрме жазасын өтеп жатыр. Қырғызстандағы және шетелдегі адам құқын қорғаушы топтар бұл сот үкімін сынап келеді.

Сейсенбі күні Базар-Қорған қаласының әкімшілік ғимараты алдына жиналған шерушілер жақында ғана Чехияда адам құқын қорғаушы сыйлығын алған Асқаров босатылуы мүмкін деп алаңдап отыр. Қырғыз билігі Асқаровтың бостандыққа шығарылмайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG