Accessibility links

Апатқа ұшыраған жапон АЭС-нің үстін ақсұр түтін басты


«Фукусима» атом электр станциясы.
«Фукусима» атом электр станциясы.
Жапониядағы «Фукусима-Дайичи» атом электр станциясынан ақсұр түтін шығып жатқаны хабарланды. Бұл ненің түтіні екені әзірге белгісіз қалып отыр.

Бүгін түнде АЭС-тің төртінші энергоблогында өрт шығып, оның сөндірілгені хабарланған еді.

АЭС-тің айналасындағы отыз шақырым аумақта тұратын жұртқа көшеге шықпау және есік-терезені қымтап ұстау туралы ескерту айтылды.

Наурыздың 11-і болған зілзала мен цунами Фукусима атом электр станциясында қауіпті апаттың шығуына себеп болды.

Табиғи апат құрбандарының нақты саны әлі анықталған жоқ. Кейбір болжамдар бойынша, апаттан көз жұмғандар саны бірнеше мың болуы мүмкін. Соңғы деректерге сәйкес, бұл зілзала мен цунамиден соң Жапонияда жарты миллионға жуық тұрғын баспанасыз қалған. Жапон армиясы мен бірнеше елден жәрдемге келген мамандар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG