Accessibility links

Тариқ Азиз шийт өкілдерінің өліміне қатысты өмірлік жаза алды


Ирақ үкіметінің бұрынғы мүшесі Тариқ Азиз сәрсенбі күнгі сотта 1980 жылдарда шийт ресми өкілдерінің өліміне қатысты өмірлік түрме жазасын алды.

Азиз қазан айында адамзатқа қарсы қылмыс және жоспарлы түрде кісі өлтірді деген айыптармен өлім жазасына кесілген болатын. Христиан дінді Тариқ Азиз Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хуссейннің жақын одақтасы болған.

Ватикан, Еуропа Одағы мен Батыстың бірқатар үкіметтері Бағдадты Азизге рахымшылық жасауға шақырған. Туыстары оның жүрек, қан қысымы және сусамыр аурулары бар екенін айтады.

Бұл сот үкімі орындалмас бұрын оны мақұлдауы тиіс Ирақ президенті Жалал Талабани оған қол қоймайтынын айтқан.
XS
SM
MD
LG