Accessibility links

Египеттіктер конституциялық референдумның нәтижесін күтіп отыр


Египет халқы ақпан айында президент Хосни Мүбәрәкты биліктен кетіргеннен кейінгі өзгерістер бойынша конституциялық референдумның нәтижесін күтіп отыр.

Сенбі күні миллиондаған адам референдумға қатысып, Мүбәрәк режимінен кейінгі бұл дауыс берулер ашық әрі әділ өтті деп бағаланды. Конституциялық реформалар осы жылдың соңында парламент және президент сайлауларын өткізуге шақырады.

Сенбі күнгі дауыс берулер негізінен бейбіт жағдайда өтті. Тек Каирдегі сайлау учаскесінде біреулер Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, демократиялық реформаларды қолдаушы Мухаммед әл Барадейге тас пен бөтелке лақтырған.
XS
SM
MD
LG