Accessibility links

Дүниежүзілік банк Жапонияны қайта құруға 235 миллиард доллар керек деді


Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша, жерсілкінісі мен цунами және ядролық апаттарды бастан кешкен Жапонияны қайта қалпына келтіруге 235 миллиард доллар керек болады.

Дүйсенбі күні жарияланған Дүниежүзілік банктің мәліметіне қарағанда, үш бірдей апат Жапонияның инфрақұрылымына орасан зор шығын әкелген. Жапонияның экономикалық қарқыны да құлап, жылдың алғашқы жартысы елді қайта құруға кететін болады.

Жапонияның ұлттық полиция агенттігінің хабарына қарағанда, зілзала мен цунами апаттарынан құрбан болғандар саны 18 мыңнан асуы мүмкін. Жапон полициясы бүгінде 8600 адамның өлімі нақтыланғанын айтты. 12800-ден аса кісі жоғалғандар тізімінде тұр.

Бұл тұста "Фукусима" атом стансасындағы мамандар реакторлардың қатты қызып кетуінен кезекті рет радиация тарап, ядролық апат болмау үшін қызу жұмыс жасап жатыр.
XS
SM
MD
LG